Меню KDT

Новости

Наурыз мейрамы

Айсары негізгі мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы Наурыз мейрамының өткізілуі туралы ақпарат
Тәрбие ісінің меңгерушісі Фаруазова Ж.К ұйымдастыруымен «Наурыз-берекем,наурыз-мерекем!»  атты мерекесі өткізілді.    
      Аудан бойынша ақсақалдар кеңесінің құрылғанына отыз жыл болғандықтан мектепте «Әкелер даңқы» тарихи -өлкетану мұражайы қазіргі заман талабына сай безендіріліп қайта есігін ашты. Ашылу мерекесі Наурыз мейрамында салтанатты түрде өткізілді. Бұған ауыл  тұрғындары, «Айсары» КХ-гың  басшысы Какенов  Кайролла Шауалиевич ,елдің үлкендері,әжелер қатысты.  Ауыл имамы Фаруазов Т.Ф демеушілік жасап екі кілем сыйға тартты. Алғыстарын айтып,мектеп ұжымына оқушыларға  өз баталарын берді. Ән, шашумен, мерекелік концертпен Наурыз мейрамымыз жалғасты,  наурыз мерекесі жылдағыдай жоғары деңгейде өтті. Ауылдың бас имамы Фаруазов Төлеубай Фаруазұлы, Какенов Қайролла Шауалиұлы  Наурыз көжеден кейін ақ баталарын беріп,тілегін білдірді. Мерекеге ата-аналар да белсене қатысып, дастархан жайып, Наурыз көже ішілді,  ал  оқушылар өз өнерлерін ортаға салып , қазақ халқының салт-дәстүрлерін яғни  баланы бесікке салу,ат қою,тұсау кесу рәсімдерін  көрсетті. Ауданнан келген қонақтарымызда риза болды.Ауданнан ветеринарлық бөлімшесінің бас маманы Жаканов  Бағдат Ералыұлы қатысты. Мерекеміз спорттық ойындармен жалғасты.Мұғалімдер,оқушылар және қонақтар арасында  волейболдан,арқан тарту  сайысы өтті. Сайыстың соңында жеңімпаздар марапатталды.
ТІМ:Фаруазова Ж.К

 



Просмотров: 731

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры Шакенова Камар Ералиқызы

Оқу ісінің меңгерушісі Какенова Бахыткуль Полатовна

Опрос

Статистика

  • Осы айда41
  • Осы аптада5
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки